Елбасы онлайн дауыс беруге қатысты

0 16

Елбасы – «Nur Otan» партиясы­ның төрағасы Нұрсұлтан ­Назарбаев праймериздегі онлайн дауыс беруге қатысты. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Нұрсұлтан Назарбаев ішкі партиялық іріктеуге қатысушылардың үгіт-насихат жұмыстарын және қоғамдық пікірталастарды мұқият бақылағанын атап өтті. Сондай-ақ үгіт-насихат пен пікірталастар кезінде партия назарға алуға тиіс бірқатар конструктив­ті ұсыныстар айтылғанына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев барлық партия мүшелерін дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one + 10 =