Елбасы нақты тапсырмалар берді

0 72

Кеше  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ағым­дағы даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді деп ха­бар­лады Президенттің баспасөз қызметі.

Кеңеске Премьер-министр Серік Ахметов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімов, Премьер-министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бақыт Сұлтанов, «Самұрық-Қазына» ӘАҚ АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев қатысты.

Кеңесте банк секторының, зейнетақы ре­формасының жай-күйі және мұнай-газ са­­ла­сын­ одан әрі дамыту мәселелері тал­қы­­лан­ды, сондай-ақ, Мемлекет басшы­сы­­ның­ қатысуымен өткен Үкіметтің ке­ңей­­­­тіл­ген­ отырысында берілген және «Қа­зақ­стан­-2050» Стратегиясында қа­рас­ты­рыл­ған тап­сыр­малардың орындалу барысы қа­ралды.

Кеңес барысында Нұрсұлтан Назар­баев­ банк жүйесіндегі сыртқы қарыздарды тө­­мендету жөнінде бірқатар шара қа­­был­дан­ғанын және бұл үдерісті жалғастыру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Пре­зи­денті зейнетақы жүйесінің тиімділігін арт­ты­ру­ үшін тиісті шаралар қабылдау қа­ж­ет­­ті­гін­ айтты, сондай-ақ, мұнай-газ са­ла­сын­дағы өзекті мәселелерді шешу жө­нін­де­гі­ бұ­дан­ кейінгі қадамдарды анықтау ке­рек­тігіне тоқ­тал­ды.

Кездесудің қорытындысы бойынша өткен брифингте Ө.Шөкеев қайта құрылымдау жүргізудің және өзге іс-шаралардың нә­ти­­же­сін­де­ «БТА Банк» АҚ-ның сыртқы қа­­р­ы­зы­ 9 млрд доллардан 750 млн долларға дей­ін­ қыс­қар­ға­нын,­ қаржы институттарын басқарудың жаңа жүйесі құрылғанын атап өтті. Осыған бай­ла­ныс­ты Мемлекет басшысы биылғы жыл ішінде «БТА Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ жә­не­ «Темірбанк» АҚ банктерінің ка­пи­та­лы­­нан шығуды тапсырды.

Кеңестің қорытындысы бойынша Мемле­кет­ басшысы қаралған жұмыс бағыттары ая­сын­да бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − nine =