ЕЛБАСЫ КӨРМЕ КЕШЕНІН АРАЛАДЫ

0 80

БЕЙСЕНБІ КҮНІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «АСТАНА «ЭКСПО-2017» КӨРМЕ КЕШЕНІН АРАЛАП КӨРДІ, БҰЛ ТҰРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАРАБЛАДЫ

nazarbaev-expo

Елбасы көрменің бас-ты нысаны болып табы-латын «Нұр Әлем» па-вильонын аралады. Бұл– диаметрі 80 метр шар түрінде салынған әлемдегі бірден-бір ғимарат.

Павильонда «Болашақтың энергиясы музейі» орналасады, онда Қазақстанмен танысу аймағы болады, сондай-ақ энергияның негізгі түрлері ұсынылады.Қазақстан Президентіне «Болашақ Астана – Қазақстанның 2050 жылғы елордасы» экспозициясы, ғарыш энергиясы залы, қазақстандық 28 ғылыми жобаны және «Жасыл экономика» тұжырымдамасы жөніндегі жобаларды қамтитын «Жасампаз энергия» аймағы, сондай-ақ Қазақстанның «Токамак» материалтану термоядролық реакторының моделі, энергетика мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы Мемлекет басшысының бастамалары көрсетілген медиақабырға таныстырылды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев көрмекешенінің Конгресс-орталығында болып, «Шаңырақ», «Аспан» залдарын, VIP-террасаны, Концерт залын көрді.

Конгресс-орталық көпфункционалды мәдени әрі ойын-сауық орталығы болып саналады. Онда 2 192 орынға арналған көрермен залы және 4 конференц-зал бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × four =