Елбасы көңіл айтты

Құрметті қазақстандықтар!

0 35

Бүгінде Қазақстан бұрын-­соңды болма­ған күрделі ахуалмен бетпе-бет келіп отыр. Қауіпті індет біздің қалаларымыз бен ауылдарымыз­ға тарап, өкінішке қарай, адам шығыны орын алып жатыр.
Мемлекет басшысының шешімімен 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу – Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Алапат дерт біздің адам­дарымыздың өмірін қиып әкетуде. Бұл бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отыр. Әрбір кісі өлімінің артында қара жамылған біраз адамның – әкелер мен аналардың, қыздарымыз бен ұлдарымыздың, дос-жарандарымыздың қайғы-қасіреті тұр.
Мезгілсіз қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.
Біз береке-бірлік пен тұтас­тықтың арқасында талай сынақтан сүрінбей өттік. Бұл қиындықты да ел болып еңсереміз деп сенемін.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 4 =