Елбасы ескі достарымен кездесті

0 139

Бейсенбі күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада әр жылдары бірге жұмыс істеп, еңбек майданында бірге шыңдалған замандастарымен кездесті. 

Бұл қатып қалған ресми кездесу емес. Бұл – әңгімесі мен әдемі әзіл­дері жарасқан құрдастардың сыр бөліскен емен-жарқын жүздесуі.
– Бұған дейін теледидардан сен­дер мені тыңдап келдіңдер. Енді сен­дерді мен тыңдайын, –деді Елба­сы жылы жымиып.

Ақ дастархан басында жиналған азаматтар – әр кезеңдерде Прези­денттің жанынан табылған, қызық пен қиындықты бірге бөліскен үзең­гілес достары. Тағдыр тоғыс­тырған олар Украинада бірге оқып, Қара­ғанды металлур­гия комбина­­­тында еңбекте бірге шыңдалған­дар. Мысалы, Мемлекет бас­­шысы­ның сыралғы заман­дас­та­ры­­ның бірі Сатыбалды Ибрагимов­­тың Пре­зи­дентпен араласып-құрала­сып жүргеніне 55 жылдың жүзі болыпты. Сонау 1958 жылы Украи­­наның Днепродзержинск қала­­сында басталған достыққа әлі күнге сызат түскен емес.
Қанаттастар бұрыннан бір-бірі­мен хабарласып, қайда жүрге­нін біліп отырған екен. Олар еркін әңгі­ме­лесіп, өткенді еске алысты. Ел­ба­­сымен қауышуға келгендер кө­­кей­де жүрген ойларын ортаға салды.

Серіктестерімен ашық әңгіме өр­біткен Елбасы металлург – на­ғыз ер жігіттің кәсібі екендігін, ішкі рухы биік, жауапкершілігі күш­ті аза­маттар ғана бұл мамандық­­қа тө­зе білетінін алға тартты. Өске­лең ұр­пақты еңбекке осындай тәжіри­бе­сі толысқан мамандық иеле­рін үл­гі ету арқылы баулу керек­­ті­гіне тоқталды.

Кез­десуде серіктестер өткен ке­­зең­дерге барлау жасап қана қой­май, елі­міздің дамуына қатысты ой-пі­­кір­­­­лерімен де бөлісті.

«Ақшам-ақпарат»

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + eleven =