«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елбасы елорда әкімін қабылдады

0 143

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкіміне бас қаламызды одан әрі дамыту үшін зор жауапкершілік жүктелгенін атап өтті.

– Кез келген мемлекеттің астанасы ел және үкімет басшылығының жіті назарында болады. Елорда әкіміне зор жа­уапкершілік жүктеледі. Еліміздің қонақтары, ең алдымен, Қазақстанның астанасына келеді. Бас қаланың даму деңгейіне қарап, жалпы мемлекеттің даму барысын бағалауға болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті елорданың жаңа әкімінің жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін іскерлігі мен тәжірибесі жеткілікті екенін атап өтті.
– Ел басшылығы және Үкімет Сіздің жұмысыңызға қолдау көрсетеді. Көп жұмыс атқарылуға тиіс. Елорда тұрғындары тарапынан қала басшылығына әрда­йым жоғары талаптар қойылады, – деді Елбасы.
Алтай Көлгінов бас қаламыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жақсарту үшін атқарылатын жұмыс туралы айтты.
– Қазіргі уақытта қаланы дамыту үшін қабылданған бағдарламалар жүзеге асырылуда. Өсім деңгейін одан әрі қамтамасыз ету мақсатымен берілген барлық тапсырмалар орындалып жатыр. Экономикалық көрсеткіштер жақсы. Шағын және орта бизнес, сондай-ақ өндіріс көлемі артып келеді, – деді елорда әкімі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды