Елбасы екпе алды

0 41

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін алды.Вакцинациядан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпиде­миологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және белсенді түрде екпе салдыруға шақырды.

– Қазіргі таңда Қазақстанда үш миллион­ға жуық адам вакцина салдырды. Бүгін мен де коронавирусқа қарсы вакцина алдым. Барша қазақстандықтарды белсенді түрде вакцинация жасатуға, одан қорықпау­ға шақырамын. Әсіресе қазір вирустың жаңа штамы пайда болған кезде вакцина салғызудың маңызы ерекше. Бұл өз денсаулығымыз үшін керек. Біз күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Осы қиындықты бірлесіп еңсеруге тиіспіз. Баршаңызға шын жүректен мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 3 =