«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ЕЛ ЖҮРЕГІ – ЕЛОРДА

0 220

Елорда әкімі Әсет Исекешев Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған Астана туралы үздік материалдарға жарияланған шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.

 

Ел жүрегіне баланған елордамыздың тыныс-тіршілігін, бас қаламыздың даму динамикасын шығармашылығына арқау еткен журналистердің еңбегі бағаланған байқау қорытындысында «Баспасөздегі мақала» аталымы бойынша «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Зарина Нокрабекова бас жүлдені қанжығасына байлады. Екінші жүлделі орынды «Астана ақшамы» газетінің шолушысы Гүлмира Аймағанбет иеленді. Үздік үштікті «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Ғалым Омарханов түйіндеді.
Сондай-ақ, электронды ақпарат құралдарының бірнеше қызметкерлері жүлдегерлер қатарынан көрінді. Барлық жеңімпаздарға диплом және бағалы сыйлық табысталды.

Ғалым Қожабеков

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды