Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ел төрінде – тоғызыншы мешіт

0 499

Кеше, қасиетті жұма күні, Рамазан айының қарсаңында Астанада жаңа мешіт ашылды. Ырыскелді қажының аты берілген Аллаға құлшылық ету орны Ш.Қосшығұлұлы көшесінің маңайында бой көтерді.

«Бүгін – күллі мұсылман қауымының рухани өмірінде тарихи күн. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында елімізде тұңғыш рет постмодернизм стилінде салынған мешіт есігін айқара ашты. Баламалы энергия көздерімен қамтамасыз етілген құтханамыз құтты болсын, ардақты ағайын!» деді мешіттің ашылу салтанатында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы-бас мүфти Серікбай қажы Ораз.
Одан кейін сөз алған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Калетаев елімізде осы күндері 2600-ден астам мешіт болса, Астанада 8 мешіт жұмыс істейтінін атап өтті. «Ырыскелді қажы» мешіті елордадағы тоғызыншы имандылық орны болып отыр.
«Егемендік алған күннен бастап Елбасымыз елімізді рухани дамуға, қоғамдық ке­лісімге әрқашанда шақырады. Мемлекет басшысы дәстүрлі дініміздің өркендеуіне үнемі қол ұшын беріп, Үкімет қолдау көрсетеді» деді министр.
Мешіт жобасын бір топ сәулетші жасады. Оларға басшылық еткен Қазақстанның Құрметті сәулетшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сағындық Жанболатовтың айтуынша, мешіт заманауи стильде жобаланды. Сәулетшілер дәстүрлі мешіттер үлгісінен мүлде өзге жобаны дайындап, жүзеге асырды. Безендірілуінде жаңа ою-өрнектер қолданылды. Іші-сырты аппақ болып жарқырап тұрған Алланың үйінің бір ерекшелігі, жанына күн батареялары орнатылды. Яғни, мешіт өзін-өзі 100 пайыз электр қуатымен қамтамасыз етіп отыр.
Күмбезі өзгеше, 750 адамға арналған мешіт бір жағынан киіз үйімізді еске түсіреді. Мешітке бас имам болып Жақия қажы Исмаил тағайындалды. Оның қолына бас мүфти қасиетті Құран-Кәрім кітабын тапсырды. Кеше жамағат алғашқы рет «Ырыскелді қажы» мешітінде жұма намазын оқыды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды