Ел төрінде театрлар тоғысты

0 57

Бүгінде бас шаһарымыз­да жаңа театрлар көптеп ашылып жатыр. Бұл – елордамыздың мәдениет пен өнер ошағына айналғанының айқын дәлелі. 28 қазан күні Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «ТеатрALL» театр фестивалі қазақтың тұңғыш операсымен ашылды.

image-29-10-21-12-17
image-29-10-21-12-17-1
image-29-10-21-12-17-2
image-29-10-21-12-17-3
image-29-10-21-12-17-4
image-29-10-21-12-17-5
image-29-10-21-12-17-6
image-29-10-21-12-17-7
image-29-10-21-12-17-8
image-29-10-21-12-17-9
image-29-10-21-12-17-10
image-29-10-21-12-17-11
image-29-10-21-12-17-12
image-29-10-21-12-17-13
image-29-10-21-12-17-14
image-29-10-21-12-17-15
image-29-10-21-12-17-16
image-29-10-21-12-17-17
image-29-10-21-12-17-18
image-29-10-21-12-17-19
image-29-10-21-12-17-20
image-29-10-21-12-17-21
image-29-10-21-12-17-22
previous arrow
next arrow

28 қазан-3 қараша аралығында өтетін «ТеатрALL» театр фестивалінің баспасөз конференциясы «Астана Опера» театрында ұйымдастырылды. Жалпы фестивальге елордалық 12 ұжым және Ресейден шақырылған құрметті қонақтар – Малая Броннаядағы Мәскеу драма театры және С.Образцов атындағы мемлекеттік академиялық орталық қуыршақ
театры қатысады. Конференцияда алғашқы болып сөз алған қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов елорданың мәдени өміріндегі жаңалықтар мен театр фестивалінің маңызына тоқталды.

– «ТеатрALL» театр фестивалі – елордамызда бірінші рет өткізіліп жатқан үлкен жобалардың бірі. Пандемия кезінде астаналық өнерсүйер қауым осындай кештерді сағына күткені анық. Сондықтан бір жарым жыл бойы ұсыныс айтып, жоспар құрып, ақыры елордамыздың төрінде осындай ауқымды шара өткізіп жатырмыз. Фестиваль бір аптаға созылады. Шыны керек, елордамыздағы 12 театрдың 6-уы – қалалық, 4-еуі – республикалық, 2-уі – жекеменшік. Апта бойы театрлардың барлығы бірігіп 20-дан астам қойылым қояды. Ең алдымен санитарлық талаптар қатаң сақталатын болады, – деді Асхат Оралов.

Баспасөз конференциясынан кейін кешке «Астана Опера» театрында «ТеатрALL» театр фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биыл аты аңызға айналған «Қыз Жібек» фильмінің жарыққа шыққанына 50 жыл толып отыр. Осыған орай, фестивальді «Қыз Жібек» қойылымы ашты. Ашылу салтанатында қала әкімі Алтай Көлгінов кеш қонақтарын қарсы алып, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп жатқан фестивальдің маңыздылығын атап өтті.

– Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қайраткерлеріне жағдай жасауға және оларды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Театр фестивалі арқылы мәдениет қайраткерлеріне қолдау көрсетіп, елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлағымыз келді. 30-ға жуық түрлі спектакль, елордалық суретшілер жұмыс­тарының көрмелерін өткізу жоспарланып отыр. Фестиваль қорытындысы бойынша театрдың түрлі номинациялары бойынша 30 жеңімпаз анықталады, – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

image-31-10-21-12-48
image-31-10-21-12-48-1
image-31-10-21-12-48-2
image-31-10-21-12-48-3
image-31-10-21-12-48-4
image-31-10-21-12-48-5
image-31-10-21-12-48-6
image-31-10-21-12-48-7
image-31-10-21-12-48-8
image-31-10-21-12-48-9
image-31-10-21-12-48-10
image-31-10-21-12-48-11
image-31-10-21-12-48-12
image-31-10-21-12-48-13
image-31-10-21-12-48-14
image-31-10-21-12-48-15
image-31-10-21-12-48-16
image-31-10-21-12-48-17
image-31-10-21-12-48-18
image-31-10-21-12-48-19
image-31-10-21-12-48-20
image-31-10-21-12-48-21
image-31-10-21-12-48-22
image-31-10-21-12-48-23
image-31-10-21-12-48-24
image-31-10-21-12-48-25
image-31-10-21-12-48-26
image-31-10-21-12-48-27
image-31-10-21-12-48-28
image-31-10-21-12-48-29
image-31-10-21-12-48-30
image-31-10-21-12-48-31
image-31-10-21-12-48-32
image-31-10-21-12-48-33
image-31-10-21-12-48-34
image-31-10-21-12-48-35
image-31-10-21-12-48-36
image-31-10-21-12-48-37
image-31-10-21-12-48-38
image-31-10-21-12-48-39
image-31-10-21-12-48-40
image-31-10-21-12-48-41
image-31-10-21-12-48-42
image-31-10-21-12-48-43
image-31-10-21-12-48-44
image-31-10-21-12-48-45
image-31-10-21-12-48-46
image-31-10-21-12-48-47
image-31-10-21-12-48-48
image-31-10-21-12-48-49
image-31-10-21-12-48-50
image-31-10-21-12-48-51
image-31-10-21-12-48-52
previous arrow
next arrow

Фестиваль аясында «Жастар» театрының, «Astana Musical» мемлекеттік театрының, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының, музыкалық жас көрермен театрының, «Наз» мемлекеттік би театрының, А.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының,
М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының, қуыршақ театрының, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының, «А.И.» театры, «Современник» халықтық жастар театрының әртістері өз қойылымдарын көрсетеді, сондай-ақ фестивальге Қазақстанда алғаш рет ашылған инклюзивті «Қанаттылар» театры қатысады.

Театр апталығы шеңберінде 20-дан астам қойылым көрермен назарына ұсынылады, мемлекеттік академиялық неміс драма театрының көркемдік жетекшісі Наташа Дубстың актерлік шеберлік бойынша шеберлік сыныптары, Лейла Махаттың бейнелеу өнері галереясының және «BYterekte» қазіргі заманғы өнер көрмелері – жалпы 30-дан астам іс-шара өткізіледі.

Сонымен қатар фестиваль барысында «Қазақстанның заманауи театр процесі: мәселелері мен оларды шешу жолдары» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады.

Фестивальдің басты мақсаты – театр ұжымдарының шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту, театр мектебінің дәстүрлерін сақтау және жаңа заманауи сахна тілін іздеу.

Сонымен қатар фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі кезінде 1 қараша күні
Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында
«ТеатрALL» бірінші театр сыйлығы табысталады. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жылы сараптамалық кеңестің шешімімен 30 номинация бекітілді.

Фестивальдің сараптамалық кеңесінде елімізге белгілі өнер қайраткерлерімен қатар, өнертану докторы, профессор, театр сыншысы, Халықаралық театр сыншылары қауымдастығының президенті Лаша Чхартишвили (Грузия) бар.

Ал кеше «Наз» мемлекеттік би театрының «Әзім әңгімесі», Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының «Сені таныдым…», Музыкалық жас көрермен театрының «Абай-Тоғжан» сынды бірнеше қойылымдары қойылды. Театрлар шеруі әлі бірнеше күнге жалғасады. Пандемияға байланысты ауқымды іс-шараны ұйымдастыру кезінде барлық қатысушылар мен қонақтардың денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар залдарға кіру тек Ashyq қосымшасы арқылы ғана жүзеге асырылады, термометрия жүргізіледі, әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін шахмат тәртібінде отырғызу қарастырылған, сондай-ақ фестиваль қонақтары маска тағу режимін сақтауы керек. Фестиваль бағдарламасымен visitnursultan.kz сайтында танысуға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine − eight =