Ел тірегі – орта бизнес

0 18

Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаев ­Қазақстан халқына Жол­дауында кәсіпкерлікті қолдау, оның ішінде орта бизнеске де ерекше назар аудару керектігін баса айтты. «Өйткені нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді. Мұндай компаниялар ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарыққа да бейімделуге тиіс. Олардың экспорттық әлеуетін арттыру үшін қолдауды күшейту керек» деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев «Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін, ал жұмыспен қамтылғандардың саны 4 миллион адамға дейін көбеюі керек. Бұл осы саланы дамытуға бағытталған жұмыстардың басты нәтижесі болмақ» деп даму болашағымыз­дың көкжиегін көрсетті.
Бұл ойлар біздің компаниямызға да тікелей қатыс­ты. Осы салада қалыптасып, 1998 жылдан бері, құрылған кезінен бастап осы күнге де­йін тұтынушыларымыздың жайлылығын арттыру мен әріптестік қарым-қатынас­тардың ұзаққа созылуын өзінің басты мақсаттарының қатарына қойып келеді.
Біз өз жолымызды жас астанамен бірге бастап, оның қазіргі әсем келбетіне өз үлесімізді қостық, біздің көптеген нысандарымыз танымал және астана үшін символға айналған. Біз осымен тоқтап қалмақ емеспіз, нарықтың даму үрдістеріне ілесіп және инновациялық технологияларды меңгере отырып, біз тапсырыс берушінің мүдделерін қанағаттандыратын үздік шешімдер мен жобаларды ұсынуға әрқашан дайынбыз. Металл-пластик терезелер мен есіктер, конструкциялар, қасбеттер витраждарының алюминий конструкциялардан бастап, күрделі жарық мөлдір конструкцияларға дейін шығарып, біздің өнімдеріміз Қазақстанның көптеген қалаларында тұрып жатқан тұтынушылардың өмір сүру сапасын күн сайын жақсартып келеді.
Өз тапсырыс берушілерінің қажеттіліктерін тыңдау, түсіну және оларға тез бейімделу қабілеті, қызметкерлердің кәсіпқойлығы, жоғары технологиялық жабдық және шарттық міндеттемелерді қатаң сақтау сенімді серіктес беделін қамтамасыз етті, біз оны мақтан тұтамыз және ол біз үшін аса қымбат.
Осы ретте мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге арналған жаңа жобалар біздің ісімізді де алға бастырып, алға озуымызда, ел экономикасының дәуірлеуіне жол ашады деп ойлаймын.

Аман АЮПОВ,
«Фирма «Алкон+» ЖШС
директоры, Нұр-Сұлтан қалалық
мәслихатының депутаты

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 − one =