Ел тірегі – бірлік пен татулық

0 39

Кеше Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты XXIX сессиясы өтті. ­Сессия жұмысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және онлайн форматта 550-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында барлық өңірлерден келген Ассамблея мүшелері, рес­публикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар. Сессияға қатысушылар қазақстандықтарға үндеу жолдап, еліміздің табысты дамуы мен өркендеуіне қол жеткізетініне нық сенім білдірді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × one =