ЕЛ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

0 176

ERA_7533

Экологиялық айлық аясында бастау алған «Ескерткіштер – ел тарихы» акциясы жалғасып жатыр. Оған мектеп оқушылары, студенттер мен жастар қатысуда.

Іс-шараның мақсаты – елордадағы ескерткіштердің маңайын ретке келтіру ғана емес, адамзат тарихында із қалдырған тұлғалардың өмірі мен мұраларына бойлау. Сондай іс-шаралар Кенесары, Құрманғазы, Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткіштерінің жанында болып өтті. Оған бар­лығы 450 адам қатысып, ескерткіштің маңайын тазалап, жуып, ретке кел­тірді. Сондай-ақ, «Күй тар­тыс» сайысы өтті. Ал, Кенесарының ескерткіші маңында қала тұрғындарына тарихи викториналық сұрақтар қойылып, қызықты ойын ұйымдастырылды. Сол күні «Жасыл автобус» акциясы аясында оқушылар қала тұрғындарына үндеу қағаздарын таратып, сен­білікке шақырды. Астана қаласы әкімдігі тіршілікті қамтамасыз ету және абаттандыру бөлімінің басшысы Мәдина Сүлейменованың айтуынша, жалпықалалық сенбілікке барлығы 83 634 адам қатысқан. Оның ішінде Алматы ауданынан – 37 458, Сарыарқадан – 38 245, Есіл ауданынан 7931 адам жұмылдырылған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + sixteen =