Ел тарихы – Елтаңба

0 150

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Орталық қалалық кітапханада «Елімнің тарихы – Елтаңба» атты салтанатты шара өтті.

Қаламыздың мектеп оқушылары Елтаңба авторларының бірі Жандарбек Мәлібековпен кездесті. Кездесу кеші Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен ашылды. Оқушыларға Елтаңбаның мағынасы мен мазмұнын түсіндірген Жандарбек Мәлібеков өзінің бұл туындысын «Тәуелсіздікке қосқан үлесім» деді. Сондай-ақ, атақты сәулетші елтаңбаның дүниеге келу тарихын оқушыларға баяндап, оқушылардың түрлі сауалдарына жауап берді. Кездесу соңында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, патриоттық әндерді шырқады.

Хамит ЕСАМАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 5 =