Ел рекордын жаңартты…

0 16

Елордалық спортшы Ақмарал Зупар Петропавлда өткен гір көтеру спортынан Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Ол сондай-ақ салмағы 24 кг болатын гір тасын 201 рет көтеріп, ел рекордын жаңартты.

Чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 200-ден астам спортшы қатысты.
Ақмаралдың жеке жаттықтырушысы Серік Абдахиннің айтуынша, бұл нәтиже әлемдегі үздіктер қатарына кіреді.
– Бұған дейін еліміздің рекордын әлемнің 10 дүркін чемпионы Татьяна Потемкина иеленген болатын. Ол 183 рет көтерген. Енді оның жетістігін қызымыз жеңіп отыр. Бұл әр баланың қолынан келе бермейді. Спортшыма ризамын. Алдағы сәуір айында Ташкентте өтетін Азия чемпионатында да жоғары деңгейде өнер көрсететінімізге сенімдімін, – дейді жаттықтырушы.
Айта кетейік, қазір 18 жастағы спортшы 14 жасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алған болатын.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 1 =