ЕЛ ҚОРҒАУ – ЕРДІҢ БОРЫШЫ

0 139

Қазақ гуманитарлық заң универ­си­­тетінде Қазақстан Республика­­сы Қорғаныс министрлігі мен «Қаһар­ман ұрпақ» қоғамдық қорының ұйымдас­­ты­­руы­­мен «Ел қорғау – ер борышы!» акциясы өтті. Жеңіс мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараның мақсаты – жоғары оқу орындары түлектерін тәуелсіз еліміздің қарулы күштері қатарында қызмет етуге тарту.

Акцияға Қазақстан Республика­­сы әскери-теңіз күштерінің бас қолбас­­шы­­сы, контр-адмирал Жандарбек Жанзақов қатысты. Кездесуде Ауған­­стан соғысының ардагерлеріне – Ал­тын­­бек Айтышев, Хамит Әмірғожин, Алек­­сандр Батуринге «ҚР Қорғаныс күштеріне – 20 жыл» мерекелік медалі тапсырылды, «Ардагер» ансамблі өнер көрсетті.

– Еліміздің әскери оқу орындарында және жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында офицерлер құрамын даярлау – қызметіміздің басты бағыттарының бірі. Биылғы түлектеріміздің бір тобы отан қорғау саласында қызмет атқаратын болады, – деді ҚазГЗУ университеті әскери кафедрасының жетекшісі профессор Н.Оқапов.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen + 20 =