Ел намысын қорғауда

0 29

Ресейдің Уфа қаласында басталған халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармония­сының классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің әншісі Әкімхан Маженов қатысып, бақ сынап жатыр.Ол алғаш тыңдармандарға халық әні «Екі жиренді» шырқап, қазылар алқасынан жоғары баға алды. Ендігі кезеңде башқұртша ән салады.
Айта кетейік, бұл жобаға 8000-нан аса адам қатысуға өтініш білдірсе, соның арасынан 52 өнерпаз ғана өткен. Әр кезең сайын үміткерлер іріктеле түседі. Байқау соңында бәрінен үздік шыққан өнерпаз бағалы сыйлықпен марапатталып, атақты татар және башқұрт әншісі Элвин Греймен бірге шығармашылық жұмыс істейді.
Жақында «Яңы моң» байқауының үшінші кезеңінен Әкімхан Маженов ең жоғарғы ұпайға ие болып, жеңімпаз атанды. Онда ол «Актриса» әнімен көрерменнің көзайымына айналып, танымал композитор Валерий Меладзенің көңілінен шыға білді. Алда әлі де кезеңдер бар. Содан сүрінбей өт дейміз ел намысын қорғап жүрген Әкімханға!

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + 15 =