ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ЕЛОРДАЛЫҚТАР

0 118

Алдағы аптада ХХХ жазғы Олимпиада ойындары басталады. Төрткүл дүниенің ең үздік спортшылары сайысқа түсетін байрақты бәсекені бүгінде бүкіл әлем жанкүйері тағатсыздана күтіп жүр. Өйткені, Олимпиада ойындары – елдіктің, ерліктің көрсеткіші болмақ.

Ұлыбритания астанасы Лондон алаңдарында өтетін аламан жарыстарда Қазақстан спортшылары да ел намысын қорғауға тас-түйін дайындық жүргізуде. Олимпиада ойындарында 115 қазақстандық сайыпқыран сайысқа түспек. Олардың қатарында 16 астаналық спортшы бар. Дүбірлі додаға жолдама алған осы қыз-жігіттеріміздің қайсы болса да жүлдеге үміткер деп ойлаймыз.

Еліміз тәуелсіздік алғалы Олимпиада ойындарына қатысқан үш елордалық спортшы жүлдеге қол жеткізген екен. Атап айтқанда, 1996 жылы ауыр атлет Анатолий Храпатый, 2004 жылы боксшы Геннадий Головкин, 2008 жылы дзюдошы Асхат Житкеев Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған.

Жанкүйер қауым үшін ел намысын арқалаған елордалық спортшыларды атап өткенді жөн көрдік.

 Ілияс Сүлейменов – 1990 жылы туған, спорт шебері,бокс, 52 кг;

Қанат Абуталипов – 1983 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, бокс, 56 кг;

Данияр Елеусі нов – 1991 жылы туған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокс, 64 кг;

Марина Вольнова – 1989 жылы туған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әйелдер боксы;

Анна Альябева – 1993 жылы туған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, көркем гимнастика;

Алмат Кебіс баев – 1987 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, грек-рим күресі, 60 кг;

Тимур Болат – 1989 жылы туған, халықаралық спорт шебері, дзюдо, 90 кг;

Жұлдыз Ешимова – 1988 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, әйелдер күресі, 48 кг;

Ольга Довгун – 1970 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, винтовкамен оқ ату;

Әйгерім Жексембинова – 1993 жылы туған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, синхронды жүзу;

Павел Ильященко – 1990 жылы туған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазіргі бессайыс;

Рүстем Сабирхузин – 1978 жылы туған, спорт шебері, қазіргі бессайыс;

Ярослава Шведова – 1987 жылы туған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, теннис;

Галина Воскобоева – 1984 жылы туған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, теннис;

Михаил Кукушкин – 1987 жылы туған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, теннис;

Екатерина Руденко – 1994 жылы туған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жүзу.

Сонымен, 27 шілде күні Лондон төрінде ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады. Елдік намысымызды қорғайтын сайыпқырандарымыз Қазақстан туын биіктен желбіретіп келеді деп сеніммен қараймыз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 5 =