Ел мұрасы – ұрпаққа аманат

0 233

Қазіргі таңда технократиялық ойлау жүйесі қалыптасып, жоғары дәрежедегі қарқынмен дамуда. Осы тұста мемлекеттің және қоғамның саналы өкілдері өткен тарихи кезеңдердегі деректерді болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында сақтап қалдыру жауапкершілігіне ерекше мән беріп, біршама іс-шаралар жасауда.

 

Қоғамдық қатынастардың дамуы ақпараттық ресурстарға деген сұраныстарды арттырып отыр. Ақпараттық ресурстардың қоғам өміріндегі шынайы мәні зор ақпараты бар құжаттардың үлкен жиынтығын сақтайтын мұрағат мекемелері екені рас.

Әдетте, өркениетке ұмтылған мемлекет халықтың естелік құжаттарын сақтауға әрқашанда міндетті. Астана қаласының нотариустарына және қоғам мен азаматтардың мүддесі үшін осындай жүйенің қажеттігі күн сайын сезіле түсті. Бұл орайда Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» заңының 15 жылдық мерекесіне байланысты 2012 жылдың шілде айының 12-жұлдызында Астана қаласындағы Жеке нотариаттық мұрағат салтанатты түрде ашылып, өз қызметін атқаруда.

Нотариаттық мұрағат орна­лас­қан үйжай – бүкіл Қазақстан бойынша мемлекеттік стандарттар мен талаптарға сай жоғары технологиялық мұрағаттық құн­ды­лық­тармен жабдықталған бірден-бір мекеме. Мұнда еліміз­дің нотариалдық құнды құжат­та­рын­ сақтау үшін соңғы үлгідегі қозғалмалы сөрелер, техникалық құрал-жабдықтар, өрт дабылы, өрт сөндіру жабдықтарымен толық­тай­ жабдықталған. Осы жылы Астана­ қаласы Нотариаттық пала­­та­­сы­­ның мүшелігінен шық­қан­ және қайтыс болған нота­риус­­тар­дың 2524 мұра­­ғат­­тық құжат­тары қабыл­дан­ды. Сонымен қатар, сарғайған нотариал­дық ақтаң­­дақ­тарға жаңа ғұмыр сый­ла­ған Нотариаттық мұрағат­тың­ қорына 2013 жылдың 29 сәуі­рінен бастап Астана қаласы нота­риус­тарының 1998-2002 жыл­дар­ ара­лығында жасалған нота­риал­ды мұрағаттық құжаттары тапсырылуда.

Қазіргі таңда Нотариаттық мұрағаттың қызметкерлері нотариалды мұрағаттық құжаттарға ғылыми-техникалық өңдеу, құжаттарды қайта қалпына келтіру, мұрағаттық құжаттарға ішкі тізімдеме жасау, тұрақты, 75 жыл және ұзақ мерзімді (25 жыл сақталатын құжаттар) сақталатын құжаттардың тізімдемесін жасау, уақытша сақтаудағы құжаттардың Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерін жасау, қор беру жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта мұрағатымыз өз жұмысын одан әрі дамытуды жоспарлап, үлкен жетістіктерге жетуді көздеп отыр. Мұрағат қорына келіп түскен құжаттарды жинақтап, олардың физикалық және биологиялық жағдайын тексереді. Егер құжаттар ескіріп немесе биологиялық әсерге ұшырап, бүлінген жағдайда құжаттарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын іске асырады. Бір сөзбен айтқанда, нотариаттық мұрағат қызметкерлерінің алдында тұрған үлкен міндет – осынау құнды құжаттарға ие болу. Сондай-ақ, еліміз, ұлтымыздың ұрпағы, болашағымыздың тарихы үшін аянбай еңбек етіп, том-том болып жиналып жатқан құжаттарды келешекке аманат ретінде жеткізу мұрағатшылардың міндеті екенін айтқым келеді.

Ибраим БАБАЕВ,
Астана қаласы Жеке нотариаттық мұрағатының директоры

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + sixteen =