Ел мұрасы – ұрпаққа аманат

0 153

Қазіргі таңда технократиялық ойлау жүйесі қалып­та­сып, жоғары дәрежедегі қарқынмен дамуда. Осы тұста мемлекеттің және қоғамның саналы өкілдері өткен тарихи­ кезеңдердегі деректерді болашақ ұрпаққа жеткізу мақса­тын­да сақтап қалдыру жауапкершілігіне ерекше­ мән беріп, біршама іс-шаралар жасауда. 

Қоғамдық қатынастардың дамуы ақпарат­тық ресурстарға деген сұраныс­тарды арттырып отыр. Ақпараттық ресурс­тар­дың қоғам өміріндегі шынайы мәні, зор ақпараты бар құжат­тардың үлкен жиын­тығын сақтайтын мұрағат мекемелері екені рас.

Мұрағат – халықтың тарихи ескерт­кіш­те­рінің орталығы және ұлтымыздың тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы жүзеге асыратын, қоғамның әлеуметтік-құқықтық, саяси, ғылыми және рухани қажеттілігін қана­ғат­тан­ды­ратын мемлекеттік негізгі атрибут­та­рының бірі болып табылады. Бұдан бұрында мұрағат ісінің өркендеуі ертеден елдің өркениет деңгейін, өз тарихына деген көзқарасын көрсететін өлшем болған. Мұрағат ісі – ғылым, мәдениет және басқару аппаратының ажырамас бөлігі болып табылады. Мұрағатта әр кезеңдегі тарихи оқиғалар, қоғамның саяси-әлеуметтік, эконо­ми­ка­лық бағыттары жөнінде құнды құжаттар сақталады.
Әдетте, өркениетке ұмтылған мемлекет халықтың естелік құжаттарын сақтауға әрқашанда міндетті. Астана қаласының нотариустарына және қоғам мен азаматтардың мүддесі үшін осындай жүйенің қажеттігі күн сайын сезіле түсті.

Бұл орайда Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 15 жылдық мерекесіне байланысты 2012 жылдың шілде айының 12-ші жұлдызында Астана қаласындағы Есілдің сол жағалауында Жеке нотариаттық мұрағат салтанатты түрде ашылып, өз қызметін атқаруда.

Нотариаттық мұрағат орналасқан орынжай – әзірге Қазақстан­ның барлық облыс­тары­ның арасында мемлекеттік стандарт­­тар мен талаптарға сай жоғары технологиялық мұрағат­тық құндылықтармен жабдықталған бірден-бір мекеме. Мұнда еліміздің нотариалды құнды құжаттарын сақтау үшін соңғы үлгідегі қозғалмалы сөрелер, техникалық құрал-жабдықтар, өрт дабылы, өрт сөндіру жабдықтарымен толықтай жабдықталған.

Осы жылы Астана қаласы Нотариаттық палатасының мүшелі­гі­нен шыққан және қайтыс болған нотариустардың 2524 мұра­ғат­тық құжаттары қабылданды.
Сонымен қатар, сарғайған нотариалды­ ақтаң­дақ­тарға жаңа ғұмыр сыйлаған Нота­риат­­тық мұрағаттың қорына 2013 жыл­дың 29 сәуірінен бастап Астана қаласы нотариус­та­рының 1998-2002 жылдар ара­лы­­ғын­да жасалған нотариалды мұрағат­тық­ құжаттары тапсырылуда.

Қазіргі таңда, Нотариаттық мұрағаттың қызметкерлері нотариалды мұрағаттық құжат­тарға ғылыми-техникалық өңдеу, құжат­тарды қайта қалпына келтіру, мұра­ғат­тық құжаттарға ішкі тізімдеме жасау, тұрақты, 75 жыл және ұзақ мерзімді (25 жыл сақталатын құжаттар) сақталатын құжат­тардың тізім­де­месін жасау, уақытша сақ­тау­дағы құжаттардың Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерін жасау, қор беру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, аталған жұмыстар аяқталған сәтте нотариалды мұрағаттық құжаттарды қорап­тар­ға салып, арнайы қозғалмалы сөре­лер­ге орналастыру жұмыстарын іске асыруда.
Алдағы уақытта мұрағатымыз өз жұмы­сын одан әрі дамытуды жоспарлап,­ үлкен жетістіктерге жетуді көздеп отыр. Мұрағаттың қызметкерлері белгіленген тәртіптер бойынша нотариалды мұрағаттық құжаттарды көздің қарашығындай сақтап, болашақта қоғам мен азаматтардың мүд­де­лері үшін пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарады. Сондай-ақ, мұрағат қорына келіп түскен құжаттарды жинақ­тап, олардың физикалық және био­ло­гиялық жағдайын тексе­ре­ді. Егер құжат­тар ескіріп немесе биологиялық жай-күйге ұшырап бүлінген жағдайда құжаттарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын іске асырады.
Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына және Қазақстан Респуб­ли­ка­сының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына сәйкес Астана қаласының Нотариаттық палатасы «Жеке нотариаттық мұрағат» филиа­лы­ның жұмыс істеу процесінің бағыттары төмендегідей міндеттерді атқарады:

1) Астана қаласының жекеше нотариус­та­ры­ның нотариалды құжаттарын сақтауға қабылдау;

2) Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды мемлекет, қоғам және азаматтар мүд­десіне сай қолдану;

3) Құжаттардың есебін жүргізу, ұйымдар мен азаматтарды ақпараттық қамтамасыз ету, мұрағаттану мен құжаттану саласы­ бойынша Жекеше нотариустарға әдістемелік жұмыстар жүргізу, толықтыру көзі болып табылатын Жекеше нотариус­тар үшін арнайы әдістемелік құралдар әзірлеу міндет­те­рін жүзеге асыру.

Сонымен қатар, мұрағат қыз­мет­кер­ле­рінің жұмыс істеуіне және құнды құжат­тар­ды алдағы жүзжылдыққа сақтап жет­кізу­ге барлық жағдайлар жасалған. Мұрағат қыз­ме­ті­нің міндеті – жинау, жүйелеу, сақтау, мұра­ғаттық құжаттармен танысамын, мұра­ғаттық анықтама аламын деген жанның назарына ұсыну.

Қорыта айтқанда, еліміз үшін, ұлты­мыз­дың­ ұрпағы үшін, болашағымыздың тарихы үшін аянбай еңбек етіп, том-том болып жиналып жатқан құжаттарды келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізу біздің мін­де­ті­міз екенін айтқым келеді.

М.Е. Құсайынов,
Астана қаласы Әділет департаментінің
құқықтық түсіндіру және халыққа
заңгерлік көмек көрсету
бөлімінің басшысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + eight =