Ел мен елбасы шежіресі

0 29

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа астанадағы алғашқы резиденциясы 1997 жылы ашылды. Дәл осы жерден сол жылдың 10 желтоқсанында ерке Есіл бойындағы елорданың парақтары басталды деп айтсақ артық айтқандай болмаспыз. Президент бақандай жеті жыл Бейбітшілік көшесі, 11 мекенжайында орналасқан ғимаратта отырып, ел үшін небір тарихи шешімдерді қабылдады. Бұл ғимарат 2004 жылдың сарша тамызында Тұңғыш Президент музейі болып құрылды. Ал алғашқы келушілерді осыдан тура 15 жыл бұрын қабылдай бастады.

Жалпы аумағы 12000 шаршы метрді құ­райтын төрт қабатты ғимараттың қабыр­ғалары астананың қалыптасу кезеңдері туралы сыр шертеді. Бірнеше зал мен экспозициядан тұратын музейде жаңа Қазақстанның, оның астанасының тарихы тұнып тұр. Астана күні қарсаңында біз сол залдарға саяхат жасап, қымбат жәдігерлерді қолмен ұстамасақ та, көзімізбен көрдік.
Музей алғашқы рези­денцияның жинақтау­шы холынан басталады. Мәжіліс залында өтетін маңызды кеңес­тер бас­талмас бұрын мұнда лауазымды тұлғалар жиналатын болған. Қазіргі таңда осы залда Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке заттары топтамасының шағын бөлігі ұсынылған.
Ал Қазақстан Респуб­ликасы Қауіпсіздік Ке­ңе­­сінің мәжіліс залының холында «Мемлекет басшысына дипломатиялық сыйлықтар» экспозиция­сын көре аласыздар. Холда Елбасының қабылдауын күткен азаматтар, сонымен қатар, Қауіпсіздік Кеңесі залында өтетін кездесулер мен отырыстарға қатысушылар жиналған.


Тұңғыш Президенттің жұмыс кабинеті бастапқы қалпында сақталған. Жұмыс кабинетінің міндетті атрибуттары Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран, ел Конституциясы болып табылады. Мұнда мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасын білдіретін ресми ерекшелік белгісі – Президенттің штандарты да тұр.
Күмбезді залдың фойе­сінде Елбасыға шет мемлекет басшыларынан, халықаралық ұйымдар мен қорлардан, шетелдік және отандық қоғам қайраткерлерінен тарту етілген сыйлықтар ұсынылған.
Тұңғыш Президенттің қабылдау бөлмесі де сол қалпы сақталған. Қауіпсіздік Кеңесінің мәжіліс залында маңызды отырыстар, мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі маңыз­ды кездесулер өткізілді. Қазіргі таңда бұл залда қару-жарақтар топтамасы ұсынылған.
«Алтын» залында «Еу­разия жүрегінде» экс­позиция­сы тұр. Мұнда Қазақстан Республикасы мен шетелдік делегациялар арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздер, Елбасының Қазақстан азаматтарымен, халық­аралық, үкіметтік және үкіметтік емес ұйым­дардың, шетелдік іскер топтардың өкілдерімен басқосулары және кездесулері өткен.
Музей атриумындағы «Өмір ағашы» – Қазақстан халқының күші мен қуатының, материалдық және рухани байлығының, жас егемен мемлекеттің гүлденуінің символы.
Үшінші қабаттың холында «Қазақстан Рес­публи­касының Мемлекеттік рәміздері» экс-по­зициясы орналасқан. Мұнда қойыл­ған жәді­герлер мемлекеттік рәміз­дер тарихымен және оның авторларымен таныстырады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + 16 =