Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ел классико

0 178

«Ел классико» атанып кеткен «Астана» мен «Қайрат» командаларының текетіресі 1:1 есебімен тең аяқталды. Бесінші турдың басты ойыны «Астана Арена» стадионында өтті.

«Астана» ел біріншілігінде қанша рет көш бастағанмен, дәл осы Алматының «Қайратына» келгенде көп есесі кететін. Чемпиондыққа таласатын да осы – қос команда. Сондықтан бұл дербидің қиқу қосар қолдаушыларының қарасы қалың болары анық. Ойыны көріксіз болмайтын бұл кездесуді тамашалауға 12 000 көрермен келді. Осынысымен «Астана» – «Қайрат» маусымның халықты ең көп жинаған матчы атанды.

Григорий БАБАЯН, «Астана» командасының бас бапкері:

– Жанкүйерлер еуропалық үлгідегі жарқын футболды көрді деп ойлаймын. Бірінші таймда ойын тізгіні бізде болды, керек жерде ұтымды сәттерді пайдалана алмадық. «Қайратты» жеңіске жақын болды деп айта алмаймын. Жалпы тең ойын тіркелуі – заңды. Бақтияр – әр ойында жақсы қырынан көрініп келе жатқан жас ойыншы. Оған жұрттың назарын аударғым келмейді. Өйткені оның алар асуы алда. Әлі де шыңдала түсу керек.

Карлос АЛОС, «Қайрат» командасының бас бапкері:

– Біздің тең есепке көңіліміз толмайды. Біз жеңіске лайық болдық деп ойлаймын. «Астана» алғашқы 20 минутта өте жақсы ойнайтынын, қысым жоғары болатынын білдік. Және біз допты көбірек бақылауда ұстайтынымызды да түсіндік. Егер бірінші боп біз соққанда, жеңіс біздікі болатындай сезілді. Бұған біздің мүмкіндік те болды. Уго қақпашымен бетпе-бет келіп, сала алмады. Қайта команда гол жіберіп алған соң еңсесін түсірмеді.

Алғашқы таймда қарсыластар сақ ойнап, бір-бірінің аңдысын аңдумен болды. Бірақ ұрымтал сәт туса, құр жібермеуге тырысты. Әсіресе, қонақтардың қарымта шабуылдары өткір болды. Исаэльдің айып алаңына кірместен, күтпеген жерден тепкен добы қақпа бағанынан кейін серпілді. Сәл төменірек ұшқанда, Ненад Эрич бұны тойтара алмас еді.
Екінші таймда екі жақтың да екпіні күшейе түсті. 48-минутта Дмитрий Шомконың алыстан асырған пасы Марин Томасовты қақпашымен бірге-бір қалдырды. Бірақ Стас Покатиловтың үстінен лақтырған доп әлсін ұшып, торға түсем дегенше, қорғау­шылар келіп үлгерді. «Қайрат» та қарап қалмай, араға минут салып, өткір шабуыл ұйымдас­тырды. Айып алаңына еркін енген Исаэль бос тұрған Сильвейраға пас шығарды. Оның тепкісі Эричке тиіп өтіп, әлсірей ұшты. Сол тұста бос қалған қақпадан Шомко табылды.
Әрі-бері арпалысқан ойында есепті бірінші боп «Астана» ашты. 52-минутта Патрик Твумасидың көтерген добын Марин Томасов баспен Бақтияр Зайнутдиновтің басына қойып берді. Бақтияр мүлт кетпеді.
Осы голымен Зайнутдинов чемпионатта төртінші голын соғып, бомбардирлер тізімінде төрге озды.
Қонақтар бұл голға 71-минутта жауап қатты. Бауыржан Исламханды алмастырған Андрей Аршавин есепті теңестірді. Осы есеп ойын соңына дейін сақталып қалды. Бірақ текетірес мұнымен тоқтамай, 90-минуттан кейін де жалғасты. Матчтан кейінгі ерегісте Томасов, Кляйнхайслер, Аршавин және Әбікен «сары қағазбен» ерекшеленді.
Сонымен, «Астана» ҚПЛ-дың турнир кестесінде 13 ұпаймен жеке-дара көш бастады. Ал «Қайрат» бірден төртінші орынға сырғыды. Қос мықты бір-бірін жеңе алмай, ұпай жоғалтып жатқанда «Ордабасыда» алға озатындай жақсы мүмкіндік болды. Бірақ төрт ойын қатарынан жеңіске жеткен Шымкенттің командасы сырт алаңда Оралдың «Ақжайығынан» 1:4 есебімен ойсырай ұтылды. Бұл жерде Қостанайдың «Тобылы» «Ақтөбені» 1:0 есебімен ұтып, ұпайын түгелдеп алды. Сөйтіп, екінші орынға көтерілді. Сондай-ақ «Қызыл-Жар» – «Жетісу» матчы – 1:0, «Қайсар» – «Ертіс» пен «Атырау» – «Шахтер» кездесулері 0:0 есебімен аяқталды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды