«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ел ертеңі – білімді жастар

0 984

Ел Президентінің салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіздігіміздің алғашқы жыл­дарынан бастап жастар саясаты еліміздің басты басымдықтарының біріне айналған.  «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында: Қазақстандықтар – жасампаз және жас ұлт: республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен  байланысты, болашақтың негізі бүгін қаланады делінген.

Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының  Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан – 2050» стратегиясының түйінді мақсаттарының бірі болып табылады. Бүгінде еліміз өзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды міндеттер қояды. Тәуелсіздіктің 20 жылындағы жетістіктерді бекіте отырып, Қазақстан XXI ғасырдың үшінші он жылдығында әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге ниет білдіреді.   Бұл жағдайларда аға буынның жасампаз істерін жалғастыруға, ұлттық бәсекелестікке қабілеттіліктің деңгейін одан әрі жоғарылатуға, Қазақстанның XXI ғасырда гүлденуі мен әлемдік танылуын қамтамасыз етуге тиіс жастарға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктеледі. Мұндай миссия кәсіптік білімі, дені сау әрі адамгершілігі мол, бәсекеге қабілетті, патриот және әлеуметтік тұрғыдан жауапты жастардың ғана қолынан келеді. Осыған байланысты мемлекеттің басым міндеті мемлекеттік жастар саясатын уақыт талаптарына сай бейімдеу арқылы жастарды Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторына айналдыру. Жалпы алғанда, қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсартуға, болашақ ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына тек арнайы жастар бағдарламалары ғана емес, бүгінде елімізде іске асырылып жатқан білім беруді, денсаулық сақтауды, тілдерді дамытудың, үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың ауқымды мемлекеттік бағдарламалары: «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Жұмыспен қамту – 2020»,  «Бизнестің жол картасы – 2020», «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламалары бағытталған. Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау болып табылады. Жастар-болашағымыздың тірегі болғандықтан еліміздің өсіп-өркеңдеуі жолында көзі ашық, көкірегі ояу дарынды жастардың қоғамда алатын орны ерекше. Барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында. Жастар саясатын жүзеге асыруда мемлекет тарапынан жастардың барлық әлеуметтік қажеттіліктеріне қолдау көрсету жұмыстары әрмен қарай да жалғасын таба бермек.  Инновациялық жобаларды жүзеге асыру арқылы жастар еліміздің бәсекеге қабілетті экономикасын қалыптастыруға жағдай жасауда.  Бүгінгі жастар – мемлекетіміздің ертеңін ойлайтын, ел тұтқасын ұстар азаматтар. Бұл сөзді Ұлт көшбасшысы, Н.Ә.Назарбаев үнемі тілге тиек етіп, жастар үшін жан-жақты жағдай жасап, зор мүмкіндіктер туғызып отыр. Осы мақсатта Жамбыл политехникалық колледжінде жастардың әлеуметтік бастамаларын, инновациялық шығармашылық әлеуеттерін дамыту, белсенділігін арттыру мақсатында «Жас Отан» жастар қанатының бастауыш бөлімшесі, студенттік парламент, «Кел шырқайық!» мега караоке жобасы, «Өзін-өзі басқару» студенттік парламент жобалары, «Жас ұлан» патриоттар клубы, «Алғырлар» пікірсайыс клубы, «Жыр жазамын жүрегімнен» поэзия клубы, «Бірлік» студенттік ассамблея клубы, «Бірлігіміз жарасқан» көңілді т апқырлар клубы, «Жастар және өнер» клубы, «Жастар жүрегі» еріктілер клубы, «Студент ТВ» теле жобасы, «Сазды әуен» радио толқыны, «Забота» қайырымдылық қоры, «Гармония» психологиялық сырласу клубы және «Олимп» спорттық клубтары жұмыс істейді. Кооледжде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға баса назар аударылады. Соның бірі де бірегейі көк байрағымызды көкте желбіретіп, әнұранымызды әуелеп барып әлемде шырқатып, абыройлы болуымызға ықпал жасаған Халықаралық мамандандырылған EXPO -2017 көрмесінде Қазақстан жастарының белсенді түрде атсалысқаны дәлел деп айтуға болады. Астанадағы бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударған ірі оқиға  «ЭКСПО – 2017» көрмесінің басты ұраны  – «Болашақтың энергиясы» болғаны баршамызға аян. Бұл жаһандық іс-шараның міндеті – қуат көздерінің дамуына бағытталған стратегияларды энергия тұтынуды жоспарлау мен бақылау, сондай-ақ болашақ ұрпақтың өмірі үшін қажетті энергия көздерін сақтап қалу үшін халықаралық қоғамдастықты жауапкершілік пен патриоттық тәрбиеге үндеу болатын. Баламалы энергия көздері бойынша ғылыми зеттеулер жасап жүрген ғалымдарымыз үшін бұл көрме маңызды болды. Халықаралық көрме барша әлемге осы саладағы қазақстандық ақыл – ойдың қуаты мен әлеуетін паш етті. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білді. Әлемдік қауымдастықтың назарын аударған «Болашақ қуаты» халықаралық мамандырылған көрмесіне Жамбыл политехникалық колледжінен 300 ден аса оқытушы мен студенттері  барып, төбелері көкке жетіп, ғажап көніл күймен қайтқан болатын. Оның ішіндегі көпбалалы отбасынан шыққан екі белсенді білім алушыларға демеушілік көмек көрсетілді.  Елбасының  Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр, -деп жастарға зор сенім мен үміт артып отырған жастарымыздың болашағы жарқын, ашық болғай.

Меруерт АҚБЕРДИЕВА, филолог

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды