©2020 Астана Ақшамы
Ел боламын десең, эфиріңді түзе
Мен Абайша айтқанда: «Көргенім әлгі, ойлашы, Ұят, намыс, қалды ма ар?» деп едім, «Өөө-й, не бопты, жай сүйісіп жатыр ғой, ұят болса онда неге теледидарға шығарады?» демесі бар ма?!
Досым осы оқиғасын айтқаннан кейін көзіме өз қарындастарым елестеп кетті. Сонда есіме бірден Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 заңы сап ете қалды. Онда: «Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық тәсілдері мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты үгіттеу немесе насихаттау, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы радиотелебағдарламаларды тарату, сондай-ақ, кино және бейнеөнімдерді көрсету, осы Заңның 3-бабында, 10-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды бұзу, сондай-ақ, 14-бабының 3-1-тармағының, 15 және 16-баптарының талаптарын бір жыл ішінде қайталап бұзу белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұруға негіз болып табылады» делінген.
Демек, жоғарыда айтылған порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы жағдайға сүйісу жатпайтын болып тұр ғой. Сонда біздің санамыз ондайларға арланбайтын дәрежеге төмендеген бе? Атам қазақ керек болса әйел затының балтыры ашыла қалса, теріс қарап жата қалған. Ал біз ондай жағдай кездесе қалса «шақ» етіп қолымызды бетімізге баса қалатынбыз. Бертін келе сол қолдардың арасы жайлап ашылып қазір ондайға елең етпейтін де болғанбыз. Оның дәлелі, сол көргендерін іс жүзінде қуыс-қуыста, автобустарда, тіпті, кез келген жерде көрсетіп те, істеп те жатыр. Ертең одан да сорақысын көрсететін болса не болмақ?
Бұрынырақта орыста да, қазақта да «Досың кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтамын» деген мақал болушы еді. Қазір сол мақал «Балаңның теледидардан не көретінін айт мен оның қандай екенін айтамын» деп өзгерген. Ата-ана жұмыста болған кезде балалармен бетпе-бет, жалғыз қалатын осы теледидар. Сондықтан, отандық, әсіресе, кабельдік арналарды бір сүзгіден өткізсе, себебі, бұл келешек ұрпақтың ұяты мен арының өлшемі болмақ.
Сапарғали ҚАНАТ,
ЕҰУ журналистика мамандығының 2-курс студенті