Ел бірлігі – татулық пен ынтымақ бастауы

0 103

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бiрлесе бiлген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында коронавирус дерті барша адамзатқа қауіп-қатер төндіргенін және қазіргі таңда дүние жүзі бойынша көптеген адам осы сырқатқа шалдығып, ондаған мың адамның өмірі қиылғандығын, сондықтан әлем мемлекеттері қатерлі дертке бірлесе дауа іздеп, бүгінгі заманның бар күш-қуатын, ақыл-ойы мен ғылым-білімінің жетістігін ортақ мақсат жолына бірлесе жұмылдыруы керек екендігін айтты.

Әлемде болып жатқан ахуал жайлы айтылған бұл үндеу халыққа рухани демеу болып,ел ынтымағын одан әрі нығайтуға тың серпін берді. Себебі, Елбасының көреген саясатының арқасында бірлігіміз артып, елімізде ірі саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жасалып, Қазақстан барлық салада зор табыстарға жетті.

Елбасы өзінің елмен бірге екенін айта келе: «Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек.Өйткені, ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі», – деп баса көрсетті.

Елбасы мақаласында аталған маңызды міндеттердің барлығы ел басына күн туған кезде мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтауға, республика халқының, бірлігін нығайтуға, әлеуметтік-тұрмыс жағдайын, денсаулығын, тіршілік сапасы мен деңгейін, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыра түсуге бағытталғанын көрсетеді.

Қазақ ұлттық хореография академиясы Елбасының көреген бастамашылдығымен ашылып, бүгінгі таңда хореографиялық өнер саласында жоғары білікті мамандар даярлауға өз үлесін қосып келе жатқан бірегей жоғары оқу орны.

Академия елімізде орын алып отырған күрделі жағдайды ескере келе, қашықтан оқыту технологияларын  тиімді қолдана  отырып, білім беру процесін үздіксіз жалғастырып келеді. Қашықтан оқытуға көшу қажетті шара екенін бәріміз түсінуіміз керек.

Қашықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқу процесі бекітілген сабақ кестесімен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына, типтік оқу бағдарламалары мен оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылуда.

Академияның профессор-оқытушылар құрамы да қашықтан оқыту технологиясына бейімделген оқыту түрлерін басшылыққа ала отырып,  өздерінің сапалы да мазмұнды сабақтарын білім алушыларға ұсынуда.  Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік еңбек сіңірген қайраткері, профессор Т.О.Ізім «Салтанат» би ансамблінің шығармашылық жолы», аға оқытушы А.А. Садыкова «Қазақ биі-ұлттық мәдениеттің қазынасы» атты онлайн дәрістерін дайындады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері А.А. Алишеваның «Халықтық-сахналық би режиссурасының негіздері» атты оқу құралының тұсаукесері де онлайн режимінде өтті. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған IV Академияішілік онлайн ғылыми апталығы ұйымдастырылды.

Академия  білімалушыларына психологиялық тұрғыданқолдау мақсатында профессор Ш.С. Сатиева «Өзін-өзі оқшаулану жағдайында ішкі ресурсты қалыптастырудың психологиялық негіздері» атты психологиялық тренингтер өткізуде.

Академия студенттерінің ұйымдастыруымен «Біз біргеміз»  онлайн концерті берілді және болашақта тағы да әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізу жоспарымызда….

Біз Елбасымыздың «Ұлт денсаулығы мен мемлекет қауіпсіздігі – бір-бірімен етене, егіз ұғымдар. Мемлекет бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және тиісті шараның барлығын атқарады. Бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды» – деген ерекше қолдауынаАкадемия ұжымы атынан жастарды еңбекке, білім алуға, кәсіби құзіретті маман болуға даярлауда, қатарының алды болуға тәрбиелеуде «БIЗ БIРГЕМIЗ» дегiмiз келеді.

Райхан ДОСЖАН,
PhD доктор, доцент 
Қазақ
ұлттық хореография академиясы
өнер факультетінің деканы       

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × two =