ЕЛ БІРЛІГІ – ЕН БАЙЛЫҚ

0 140

Статистика бойынша, елімізде қазақ тілін үйрену үстінде жүрген жандарды қоспағанда, мемлекеттік тілдің майын тамызып сөйлейтін, қазақша ойлайтын жеті мыңға жуық өзге ұлт өкілдері бар екен. Бұл қазақ жерін мекен етіп отырған өзге ұлт пен ұлыстың мемлекеттік тілге деген көзқарасының түзу екенін, мемлекеттік тілді әркез қолдап отыратынын байқатса керек. Бұған мемлекетіміздегі тұрақтылық пен тұтастықты сақтаудың берік тұғырына айналып­ отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі бар екенін де айта кеткен жөн.

Әлем жұрты ынтымақ пен бір­лік­­тің бір көрінісі деп­ та­ни­тын Қа­­зақ­­с­тан­ халқы Ас­сам­блея­сының құ­­рыл­­ға­ны­на 18 жыл то­луына ор­ай­ кеше Астанада салтанатты жи­ын­ өтті.
Жүз отыздан астам ұлт өкіл­де­рі­нің­ қасиетті қара шаңырағына ай­налып отырған қазақ елінде құ­рыл­ған Қазақстан халқы Ассамблея­сы­ бү­гінде қоғам мен мемлекет ара­сын­да­ғы тиімді пікір алмасу ала­ңы­­на­­ айналып үлгерді.

820-дан аса этномәдени бір­лес­тік­тің басын біріктіре отырып, азамат­тық­ қо­ғам­ мен мемлекет мүм­кін­дік­те­рін жұмылдыратын қо­ғам­дық­ ке­лі­сім­нің басты тетігіне ай­налды.

Кешегі жиында қатысушылар ос­ын­дай ой айтты.

Ассамблея төрағасының ор­ын­­ба­са­ры Ералы Тоғжанов жи­ын­ның­ ашы­лу салтанатында аталған ұй­ым­ның қоғамдық институттан кон­сти­ту­ция­лық орынға дейін өс­ке­ні­не тоқталды. «Ассамблея­ көп­эт­ностық қоғамдағы этносаралық қатынасты үйлесімді сақтау бойынша көптеген елдерге үлгі болды, әлемдік өркениетте қазақстандық толеранттылық пен қоғамдық ке­лі­сім­нің бірегей бейнесі ретінде та­нылды» деді ол.

Расында, бүгінде түрлі этнос өк­іл­дерін топтастыратын мәдени ұй­ым­ға саяси пәрмен берілген. Ас­сам­блея­ның атынан тоғыз депутат Пар­ламентке сайланды.

Бірнеше жыл бойы Ассамблея­ тө­ра­ға­сының орынбасары қызметін атқарған Сергей Дьяченко тілі, діні өзге болғанымен, тағдыры мен­ та­ри­хы ортақ ұлт өкілдерінің бір­ ша­ңы­рақ­ ас­ты­на түсіністікпен топ­­та­суы­ Ұлт көшбасшысы Нұр­сұл­­тан Назарбаевтың сарабдал­ сая­са­­ты­ның жемісі екеніне тоқталды. «Қазақстан қарқынды дамып келе жат­қан экономикасымен ғана емес,­­ ұлттар татулығын сақтаудың жа­­ңа­ша­ үл­гі­сімен де әлемге таныл­ды.­ Президентіміз айтқандай, көп­ұлт­ты ел болуымыз – біздің бай­­лы­­ғы­­мыз, мақтанышымыз» де­ді.­­ Елбасының «Ел бірлігі – ең ас­ыл қасиет» деген сөзі әрбір қа­зақ­­стан­дық­тың ұстанымы болу ке­­рек­­тігін айтты.

ҚХА кеңесінің мүшесі, болгар­ ұлт­тық­-мә­де­ни орталығының төра­ға­­сы Олег Дымов Қазақстанда әр­­­бір­­ аза­­мат­тың этностық ер­ек­ше­лі­­гін дамытуға, атап айтқанда, олар­­­дың мәдениетін, тілін, дәстүрін ұмыт­пау­ға мүмкіндік жасалғанына ке­ңі­нен тоқталды. Бұл үшін қазақ хал­қына деген өз ризашылығын да жасырмады.

Бүгінде елімізде 72 жалпы бі­лім­­ бе­ре­тін ұлттық мектепте оқы­­ту­­­ түр­­­лі­ эт­нос тілдерінде жүр­гі­­зіл­­се, 143­ мектепте аралас бі­­лім­ бері­ле­ді. 195 этно-ағарту кешендері мен лин­гвис­тикалық мектептер ашылып, 14 орыс және ұйғыр, кәріс, не­міс­ және өзбек ұлттық театрлары жұ­мыс істейді.

Сондай-ақ, Ассамблеяның көп­функ­циялы ресурстық орталығы ретінде ел аумағында 10 Достық үйі, Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайы ашылды.11 тілде ақпарат тарататын 35 бұ­қа­ра­лық ақпарат құралдары жарық кө­реді екен.

Ассамблея бүгінде Мәдениет жә­не­­ ақпарат министрлігінің Тіл ко­ми­тетімен бірлесіп, қазақ тілін же­дел меңгерудің жаңа әдістемесін де­ жасап шықты.

Тіл комитетінің төрағасы Мақсат Ыс­қа­қов елімізде жексенбілік мек­теп­тер­дің­ жұмыс істейтінін, тіл­дер­ді­ оқыту барысында жемісті дү­ние­лер­дің­ жүзеге асып жатқанын айт­ты.

«Ата Заңымыз бойынша қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі­ – рес­ми­ тіл. Өзге тілдер де соны­мен­ дең­гей­лес,­ ешқандай артық-кемі жоқ. Сондықтан осы тілдерді оқытуда біз көп шаруалар атқарып жатырмыз» деді ол.

«Алтау ала болса, ауыздағы ке­те­ді,­ төртеу түгел болса, төбедегі ке­­ле­ді»­ деген ұранды керемет ұс­­та­­нып­­ отырған Ассамблеяның бір­лігі әркез нығая берсін деген ті­легін де жеткізді.

Шара барысында ҚХА-ның ға­лым­­дары әзірлеген «Қазақстан Рес­­пуб­­ли­касы Мемлекеттік эт­но­­сая­сат­ им­пе­ра­тив­тері» ат­ты­ мем­ле­кеттік органдарға арналған талдау материалдары мен әдістемелік ұстанымдар жинағының та­ныс­ты­­рылымы өтті. Ассамблея тө­ра­ға­сы­ның орынбасары Ералы Тоғжанов 2020 жылға дейінгі даму тұ­жы­рым­­да­­ма­сы­ әзірленіп жатқанын да­­ айтты.

Шынар ДОСАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 − 5 =