Ел біріншілігінен күміс еншіледі

0 93

Шайбалы хоккейден Астана құрамасы ақпанның бесі мен оны аралығында Қарағанды қаласында өткен ҚР ІІІ қысқы Спартакиадасында  күміс жүлдеге ие болды.

Жарысқа еліміздің әр ай­­мақтарынан және Ас­тана мен Алматы қалала­рынан тоғыз ко­манда қа­тысты.

Астаналықтар бірінші ойында 5:4 есебімен Қос­та­найдың командасына есе жіберіп алған бо­латын. Одан кейінгі Пав­лодар облысы командасымен болған ойында 7:4 есебімен жеңіске жетсе, ізінше Алматы қа­ласы командасын 7:3 есе­бімен тізе бүктірді. Ұпай санын арттырған аста­налық хоккейшілер қаты­сушылар арасынан топ жарып, спартакиада фи­налында бақ сынау құқы­ғына ие болды.

Ойын финалы 10 ақпан күні өтті. Негізгі ойыншылары «Торпедо-2» командасынан тұратын ШҚО командасы есепті алғашқы болып ашты. Екінші кезеңде астана­лық­тар алға шыққанымен, үшінші ке­зеңде ШҚО құрамасының қа­рымта­сыз салған төрт шайба­сы жеңісті айқындап берді. Со­нымен финалдық кез­де­суде 5:2 есебімен ШҚО командасы бі­рін­ші орынға шығып, ал Астана құрамасы Спар­такиаданың күміс жүл­дегері атанды. Үшін­­ші орынды Қарағанды облы­сының командасы ие­ленді.

 Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − twelve =