«ЭКСПО-2017» ТУЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛДЫ

0 151

229c3bc7c6aa8350d27ce52b51cdab25_XL

Сенбі күні елорданың «Сарыарқа» спорт кешенінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме туының Қазақстанға ресми табысталу рәсімі құрметіне орай мерекелік концерт өтті. Астана тұрғындары мен қонақтарын шетелдік және отандық эстрада жұлдыздары арнайы құттықтады.

Жастарға арналған би кешін­де эстрада жұлдыздары Әли Оқапов, Ғалымжан Молданазаров, Алмас Кішкенбаев, Виктория Дайненко, Алексей Чумаков, Юлия Ковальчук және «Ринго», «Орда», «Кешью» топтары өнер көрсетті. Сонымен қатар, әлем сахнасына кеңінен танымал Араш, дэнсхол-орындаушы Шон Пол, DJ Mike Zakon мен оңтүстік-кореялық бойз-бэнд MBLAQ жастардың көзайы­мына айналды.
Айта кеткен жөн, «ЭКСПО-2017» ұлттық ком­пания­сы­ның­ ұйымдастыруымен елімізде алғаш рет шығармашылық ойын-сауық түрлері өткізіле бас­тады. Концертте Амстер­дам қаласынан арнайы әкелін­ген энергетикалық шоу-бағдарла­ма­лар көрермен назарына ұсы­нылды. Жаңа технология дене қозғалысынан энергия алу арқылы түрлі би инсталляция­ларын жасап шығарады. Кеш соңында жиналған жұрт ЭКСПО қала­шығының 3D үлгісін тамашалады.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × three =