©2020 Астана Ақшамы
ЭКСПО-2017 мәселелері қаралды
Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) штаб-пәтерінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары, ҚР СІМ-нің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев пен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Талғат Ермегияевтің аталған Ұйымның Бас хатшысы В.Лоссерталеспен кездесуі болып өтті.
Астанада болатын Көрменің ұйымдастыру мәселелері бойынша болған консультацияларға ҚР-ның Франциядағы елшісі Нұрлан Дәненов қатысты. Т.Ермегияев аталған халықаралық шараға, «Болашақ энергиясы» тақырыптың өзектілігіне назар аудара отырып, ХКБ жанындағы барлық мүше елдері қатысатынына үміт артатынын білдірді. Осы орайда, ХКБ-ның практикалық кеңестері мен ұсыныстары Астана үшін өте қажетті болады. В.Лоссерталес 20 жыл бойы Ұйымда жасаған жұмысында үміткер-қала осындай триумфты жеңіске жеткеніне бірінші рет куә болғанын және науқанның үлгілі өткенін айтты. ХКБ басшысы өзінің қаңтардағы Қазақстанға жасаған сапарын талқылай келе, елдің Президенті, Үкімет мүшелері, халқы Көрмеге көрсетіп отырған қолдаудың маңыздылығын баса айтып өтті.
Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ