Екпеге қосып сыйлық ал!

0 9

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шараларды тұрғындар арасында насихаттап, олардың белсенділігін арттыру мақсатында «Еуразия» сауда орталығы басшылығы ерекше бастама көтерді.Енді «Еуразиядан» екпе алғандар сауда орталығынан құр кетпей, сатылымдағы тауарларға жеңілдік купондарын сыйға алады.
«Біздің орталықта тұрғындардың вакцина алуына жағдай жасалған. Мұндағы арнайы бөлімшеге келуге ешқандай шектеу жоқ. Қазіргі уақытта вакцина салдыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қала тұрғындарын қолдау үшін сыйлығымызды қос ұсынып отырмыз. Сыйлықтарымыздың ішінде тауар сатып алатын жеңілдік купондары, техникалық құралдар мен басқа да тұрмысқа қажетті дүниелер бар. Сондықтан барлық келушілерге есігіміз әрқашан ашық дегім келеді» деп түсіндірді шараның басты ұйымдастырушысы, «Еуразия» сауда орталығының өкілі Сырым Сыздықов.
Жаңа бастама жалғасын тапты. Мысалы, «Mega Silk Way» СОО-да вакцинациядан кейін мұз айдынына сертификаттар, мейрамханаларға жеңілдіктер беріледі. Ал «Сарыарқа» СОО-да Actual Optic-ке 5 мың теңгенің жеңілдік купоны беріледі. Сондай-ақ тілек білдіргендер арнайы бланкілер толтырып, кино паркіне жеңілдік ала алады. «Азия Парк» СОО-да кәсіпкерлердің сыйлықтары (тұрмыстық техника, электроника, СОО жалға алушыларының сыйлықтары) және т. б. ойнатылады.

Жәнел ҚҰТТЫБАЙ,
Л.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық
университетінің студенті

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − 15 =