Екпе жасатқыңыз келсе, емханаға барыңыз

0 133

TL98_001_0038_14EC

Елордада тұмауға қарсы екпені алу үшін 15 орын ұйымдастырылды. Вакцина – ақылы. Екпе салғызып, өзін тұмаудан сақтандырғысы келген астаналықтар №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 қалалық емханаларға және «Open Clinic», «Медикер», «МедЛайн», «Фармаком» ЖШС, «Интертич» СДА, «Медикал Ассистанс Астана», «Le bonne sante», «Архимедес Қазақстан» медицина орталықтарына барып, тиісті вакцинаны ала алады. Ол үшін жеке куәлігіңізбен, 1 желтоқсанға дейін жоғарыда аталған медициналық ұйымдардың тіркеу бөлімдеріне баруы қажет.
Елімізде тұмауға қарсы вакциналардың 3 түрі тіркелген. Атап айтқанда, «Ваксигрипп» (Франция), «Инфлювак» (Нидерланды), «Флюарикс» (Германия). Бұлардың бәрі де тиімді әрі адам ағзасына қауіпсіз дейді мамандар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 4 =