Екпе жайлы аккаунттар ашты

0 16

Биыл 1 қаңтарда COVID-19 вирусына қарсы вакциналау басталған Бейжіңде екпені бірінші кезекте ел астанасындағы халықтың 9 негізгі тобы алады. Вакцинаны алғаш болып медицина, полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, кеден, халықаралық және ішкі қатынастардағы көлік саласының қызметкерлері, тамақ өнімдерін өндіру және жеткізу саласындағы жұмысшылар алады.

Қытай мегаполисінде қала тұрғындарын вакцинациялауға қатысатын медициналық персонал «3 тексеру, 7 растау және 1 анықтауды» қамтитын техникалық нұсқаулықты қатаң ұстанады. Үш тексеруге вакцина алушының денсаулық жағдайын, аллергиялық реакциялардың сырқатнамасы, сондай-ақ вакцинаның сыртқы түрін, партия нөмірін, жарамдылық мерзімі мен шығарылған күнін тексеру жатады. Халықтың вакцинация туралы хабардарлығын арттыру мақсатында Бейжің әкімшілігі Қытайдың әлеуметтік желілерінде вакциналар мен оларды қолдану туралы ақпаратты қамтитын жалпыға қолжетімді аккаунттар құрды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven − seven =