Екпе салсаң, сыйлық болады

0 9

Елордалық СОО-да вакцинацияланған азаматтар арасында жүлделер ойнатылды.Тұрғындар екпе қабылдағаннан кейін ұтыс ойынына қатыса алды. Жүлделер арасында тұрмыстық техника, электроника сынды бағалы сыйлықтар қарас­тырылған.
Қалалық емхананың дәрігер-­эпидемиологы Перизат Шахманова вакцинация пункттерінде Спутник V, QazVac және Hayat-Vax вакциналары ұсынылатынын айтты.
Елордада КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың 100-ден аса пункті ашылған. Олардың қатарында «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Сарыарқа», «Eurasia», «Әбу-Даби Плаза», «Азия Парк», «Биг Шанхай», Орталық базар, «Әлем» және «Астаналық» сауда орталықтары бар. Вакцинация пункттері демалыссыз сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + 4 =