©2020 Астана Ақшамы
Екпе егу басталды
Нұр-Сұлтан қаласында 1 наурыздан бастап КВИ-ға қарсы екпені мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері ала бастады.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді.
Осы санаттағы адамдарды вакцинациялау үшін 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында екпе егу бөлмелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ екпе салдыртуға ведомствоаралық ұйымдар да қатысады.
Елордада 1 ақпаннан бастап барлығы 2126 адам коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды. Өткен демалыс күндері басқарманың қоймаларына 7 мыңнан астам жаңа доза вакцина түсті.