Екпе алудың маңызы қандай?

0 57

Астанада коронавирусқа қарсы егу жұмыстары жалғасып жатыр. Кеше «Мама Про» әлеуметтік әлсіз топтағы әйелдерді қолдау және дамыту қорының қызметкерлері вакцина салдырды.– «Спутник V» вакцинасын салдырдым. Өзімді жақсы сезінемін. Әлсіздік, ауырсыну байқалмады. Өз басым екпе салдыру керек деп ойлаймын. Себебі бұл вирус енді бізден ажырамаса, одан қорғанудың басқа амалы жоқ шығар, – дейді Берік Арғынов.

Оның жұбайы Айсұлу Арғынова да қоғам алдындағы жауапкершілікті сезініп, екпе алғанды жөн санапты.
– Қоғамдық ұйымда жұмыс істегендіктен адамдармен тығыз байланыста боламыз. Сондықтан өзіме де, өзгеге де салғырттық танытпай, екпе алдым. Халық болып вакцина салдырсақ, індетті жеңеміз. Елімізде карантин деген болмаушы еді, – деді ол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 12 =