Екпе алмағандар жұмыстан босатыла ма?

0 102

Елімізде коронавирус індетіне қарсы вакцина алу міндетін енгізу жоспарланып отыр. Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші вакцина алмаған қызметкерді жұмыстан босатуға құқығы бар. Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова осылай деді.– Мақсат – жұмыстан қуу емес, керісінше, ұжымдағы басқа да азаматтардың денсаулығын сақтап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қызметкер жұмыстан уақытша босатылады, яғни вакцина алған жағдайда ол өз жұмысын қайта жалғастыра алады. Сондай-ақ вакцина алмаған жағдайда қыз­меткер аптасына бір ПТР-тест тапсыруына да болады, – дейді ол вакцинадан бас тартқан қызметкерлер қалай жұмыс істейді деген сұраққа берген жауабында.

Оның айтуынша, бүгінде әлем бойынша 189 млн жағдай тіркелді. Айта кету керек, соңғы апта ішінде әлемде індетке шалдыққандар саны 2 есеге артып отыр. Дерттің үдей түсуі дельта-штамымен де байланысты, бүгінде аталған инфекция түрі 100-ден астам елде тіркелді. Қазақстан 26 маусымнан бастап «қызыл аймақта» тұр. Елімізде 13 өңір індет қаупі төніп тұрған аймақтар қатарында. Қазақстанда ковид індетінің таралуы, өкінішке қарай, өсіп отыр. Комитет басшысы бүгінде еліміздің барлық аумағында карантиндік шектеулердің қатаңдатылып жатқанын да атап өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven + 20 =