Екпе алмағандар қашықтан еңбек етеді

0 13

Вакцина алмаған немесе соңғы 6 айда коронавирус­пен ауырмаған мемлекеттік қызметкерлер, ұлттық компаниялар мен кеңсе қызметкерлері қашықтан жұмысқа ауыстырылады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың кезекті жаңа қаулысында жарияланды.«CОVID-19-ға қарсы вакцина алмаған және соңғы 6 ай ішінде CОVID-19-бен ауыр­маған қызметкерлер міндеттерін орындау қашықтан форматта мүмкін болмайтын қызметкерлерді қоспағанда, қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыс­тырылады» деп жазыл­ған қаулыда.
Қаулы 2021 жылғы 3 мамырда сағат 00-ден бастап күшіне енді.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі «Спутник V» вакцинасының екі компонентін енгізу арасындағы интервалды ұзарту және бірінші компонентті енгізгеннен кейін 45-ші күні екінші компонентпен егу туралы шешім қабылдады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen + 5 =