Екпе алғанға жүлде көп

0 22

Нұр-Сұлтан қаласында вакцинация алғандар арасында ойнатылатын жүлделер саны артты.Елордада демеушілердің қолдауымен өткізілетін ұтыс ойындары апта сайын жаздың соңына дейін өткізіледі. 31 шілдеде тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың төртінші ұтыс ойыны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтеді. Төртінші ұтыс ойынына 24 шілде мен 30 шілде аралығында вакцинацияланғандар қатысады. Ал 28 шілдеден 6 тамыз аралығында екпе алғандардың арасында тағы үш iPhone12 ойнатылады. Аталған ұтыс ойынына «Абу Даби Плаза», «Керуен», «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталықтарында және оларға бекітілген БМСК ұйымдарында – №2, 9 және 14 қалалық емханаларда вакцинацияланған адамдар қатысады. Бұл ұтыс ойынының тікелей эфирі 7 тамызда өтеді.
Сонымен қатар вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер де ойнатылады. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлікті ұтып алу мүмкіндігі бар. Ал «MEGA Silk Way» СОО вакцинация пунктінде бірінші компонентпен вакциналанғандар арасында автокөліктің ұтыс ойыны өткізіледі.
Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өз денсаулығын да, жақын және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Себебі басты мақсат — ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60 пайыздан асуы керек.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − 11 =