Екпе алғанға – екі бөлмелі пәтер

0 32

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады.Ұтысқа осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындары қатысады. Оның қорытындысы қыркүйек айының басында жарияланады. Вакцина алғандарға құжат толтыру талап етілмейді, ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүргізіледі.
Ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін Birge платформасында арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакцинациядан өткендердің ID генерациясымен таңдайды.
Сондай-ақ «MEGA Silk Way» СОО-ның вакцинация пунктінде екпе алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі апта сайын тікелей эфирде iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын да өткізеді. Бағалы сыйлықтың бәрі демеушілер есебінен ойнатылады

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − 1 =