Экосенбілік жалғасты

0 66

Өткен сенбі күні «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық айлық аясында сенбілік жалғасты. Сарыарқа ауданы бойынша сенбілікке 450-ден астам адам, 80 техника тартылды.

244956525_1293359487766985_4559820303903431428_n

Мердігерлік ұйымдар тұрғын үйлер аулаларына және іргелес аумақтарға санитарлық тазалау жүргізілді. «Астана Зеленстрой» ЖШС 52 қоғамдық кеңістік пен «Көктал» саябағын жинады. «Қазпошта» АҚ қызметкерлері Жеңіс даңғылы мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысындағы «Ақжайық» саябағын тазалады.

Сенбілік қорытындысында қала полигонына 35,80 тонна қоқыс шығарылды. Аудан бойынша 67 түп ағаш отырғызылды. Осы жылдың басынан ауданда 5965 ағаш отырғызу жоспарланды. Бүгінге дейін оның 4125-і отырғызылды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − 1 =