«ЭКО ТАКСИ» ЖYЙТКИДI ЕЛОРДАДА

0 123

Эко-такси-01,-01.12Қыстың алғашқы күні елордалықтарға жаңа қызмет түрі ұсынылып, «Қазақ елі» монументі алаңында «Астана Эко такси» қалалық таксопаркі инвестициялық жобасының тұсаукесері өтті. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «AllurGroup» автокөлік компаниялар тобы іске асырған жобаның қыр-сырымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев танысты.

Шаһар әкімдігі ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көрмесіне қаланың инфрақұры­лы­мын үш тұжырымдамалық бағыт бойын­­ша дайындап жатыр. Атап айтсақ, Asta­na mobility – қаланың көліктік ин­фра­­құ­рылымы мен логистика саласын жа­ңар­­туға және жақсартуға бағытталса, As­tana Green City – энергетикалық тиім­­ділік пен жаңартылатын энергия көз­­дері сала­ларындағы шешімдерді жү­зеге асы­руды көздейді. Ал, Welcome to Astana, қазақ­шалағанда – Астанаға қош кел­діңіз бағыты қаланың туристік тартым­дылығын дамытумен қатар, қонақ үй, мей­рамхана бизнестері мен өзге де қыз­мет көр­сету салаларын халық­аралық стан­дарт­тарға сәйкес­тендіруді қолға алады.
эко-7Бұл бағыттардың алғашқы қадамы – мем­лекеттік-жеке меншік әріптестік қағи­даты негізінде жүзеге асырылған «Астана Эко такси» жобасы болып отыр. Оның мақсаты – елордада экологиялық отынмен жүретін көліктердің ірі таксо­пар­кін құру мен жолаушыларға заңды әрі заманға сай қызмет көрсету түрлерін дамыту.
Жобаны іске асырудың бірінші ке­зеңінде сұйытылған газбен (пропан-бутан қоспасымен) жүретін 100 авто­көлік Астана жолдарына жіберіледі, ал, 2017 жылға қарай олардың саны 500 автокө­лікке дейін жетеді деп жоспарлануда. Бас­тапқы кезеңде инвестициялар 450 мил­лион теңгені құраса, оны жүзеге асы­ру бары­сында тасымалдау саласында қо­сым­ша жұмыс орындары құрылуы тиіс.
«Астана Эко такси» – тек қаладағы экологиялық ахуалды жақсартып қана қоймай, жанармайдың төмен бағасы есебінен таксиде жүру құнын арзандатуға мүмкіндік туғызады. Атап айтсақ, қазіргі таңда қалада 18 газ құю станциясы жұ­мыс істейді.
Астана халқына қызмет көрсететін экологиялық таза көліктерге келсек: «AllurGroup» компаниясы ұсынған оңтүстік кореялық SsangYong көліктері Қостанай қаласына құрастырылып, жиналған. Халықаралық сапа стандарттарына сай келетін олар таксометрімен, GPS навигациясымен, банк карточкаларымен жол жүрісін төлеу терминалымен, Wi-Fi және Астана қаласы бойынша жол көрсеткіші және ақпаратты мультимедиялық жүйесімен жабдықталған.
Жобамен танысу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көліктердің біріне мініп, жаңа таксидің алғашқы жолаушысы болды.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − twelve =