«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Екі күнде 200 ереже бұзылды

0 218

«Автобус» жедел-профилактикалық шарасы кезінде екі күннің ішінде полицейлер жолаушылар автобусының жүргізушілері жіберген жол қозғалысы ережесін бұзған 224 деректі анықтады.

Оның ішінде қоршаған ортаны ластау, жаяу жүргіншілер жолында жол бермеу, көлікте келе жатып телефонмен сөйлесу секілді құқық бұзушылықтар бар. Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш шара апаттың алдын алу және жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережесін бақылау мақсатында жүргізілген. Сондай-ақ автобустардың техникалық жағдайы, норматив пен стандарт талаптары бұзылған автобус­ты пайдалану және басқару деректері анықталуда. Жүргізушілердің еңбек және демалыс режимі мен жолаушыларды тасымалдаудағы бекітілген нормаларды сақтауы да тексерілді.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды