Екі көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

0 39

15 ақпаннан бастап қаладағы көлік құралдарының қозғалысын оңтайландыру мақсатында Рамазан және Әубәкір Ысмайылов көшелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі. Елорда әкімдігіне тұрғындар тарапынан аталмыш көшелердегі қиын қозғалыс туралы көптеген өтініштер келіп түсті. Нәтижесінде, Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасымен бірге жолдың техникалық жағдайына шолу жасап, бір бағытты қозғалыс енгізу туралы шешімді қабылдады. Көлік қозғалысын сағат тілімен ұйымдастыру жоспарланған, атап айтқанда, бір жақты қозғалыс Рамазан көшесінің бойымен шығыс бағытта және Әубәкір Ысмайылов көшесімен батыс бағытқа қарай ұйымдастырылады. Енгізілетін өзгерістерге байланысты құзыретті органдар жүргізушілерден жол ережесін сақтап, сапарды алдын ала жоспарлауды сұрайды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − 2 =