Екі бала өрт құрбаны болды

0 157

fire019

Астана қаласындағы «Промышленный» түрғын алабындағы саяжай үйлердің бірінде өрт оқиғасы орын алды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 4 арнайы техника және 22 өрт сөндіруші маман жұмылдырылды. Өрт шамамен бір сағатта өшірілді. Алайда оқиға орнында  2010 және 2012 жылы туған балалардың қаза болғаны анықталды.

Ал түн ортасында Астана қаласындағы «Лилия» гүлдер павильоны өртке оранды. Оқиға орнынан екі әйел ауруханаға жөнелтілген. Өкінішке қарай, олардың біреуі ауруханаға жеткенге дейін жан тапсырды.

Қазір осы екі оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − four =