Egov бұрышы мыңға жеткізілмек

0 54

Елімізде мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу барынша ыңғайлы болады. Осы мақсатта ХҚО ғимаратынан тыс жерде өз бетінше қызмет алуға болатын алты жүзге жуық egov бұрыштары жұмыс істейді. Таяу арада тағы 400 бұрыш ашу жоспарланған. Онда компьютері немесе интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ қазақстандықтар электрондық үкімет порталында қолжетімді қызметтерді өздігінен ала алады. Бұрыштар облыс әкімдіктері, оқу орындары, медициналық ұйымдар, сауда және ойын-сауық орталықтарының ғимараттарында орналасқан.
Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл ­Балташеваның айтуынша, індет қаупі сейілмегендіктен, оның ХҚО-да таралмауына ерекше назар аударған жөн.
Бұл ретте, ХҚО-ға ­баратын уақыт аралығын алдын ала броньдау қажет. Қазақстандықтар электронды қызметтерді өз бетінше үйде, кеңседе немесе өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады» деді ­Ә.Балташева.
Сонымен қатар, аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалалардағы ХҚО ғимараттарындағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары бұрынғыдай жұмыс істейді. Ауылдық округтерде электрондық қызметтерді жергілікті әкімдіктер ғимаратында орналасқан egov бұрыштарында өз бетінше алуға болады.
Айта кетейік, мына санаттағы азаматтар: зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында бұрынғыдай ала алады. Олар да ­кезек уақытын алдан ала броньдауы тиіс.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 5 =