ЭБОЛА ВИРУСЫ БІЗГЕ ҚАУІПТІ МЕ?

0 137

index

Жыл басынан бері Батыс Африканы шулатқан Эбола вирусы бүгінде күллі әлемді алаңдатып отыр. Бүгінге дейін дүниежүзінде безгекті жұқтырудың 8 мыңнан астам дерегі тіркеліп, оның 4 мыңнан астамы қайғылы жағдаймен аяқталған.

Еуропа мен Америкаға жетіп үлгерген вирустың бізге де келуі мүмкін екені елді алаңдатып отыр. Бірақ ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Мәтішев елімізде Эбола қызбасының эпидемиялық таралуына ешқандай да  жағдай жоқ деген мәлімдеме жасады. Егер қандай да бір қауіп төне қалса, қазақ медицинасы вирусты жұқтырған адамды дереу анықтап, оны оқшаулап, емдеуге сақадай сай көрінеді.

Безгектің ең әуелі транзиттік әуе қатынастары арқылы бізге жетуі әбден мүмкін.  Сондықтан елімізге келіп қонған ұшақтардағы жолаушыларды тексеру күшейтіліп отыр. Қазіргі күні жолаушылардың дене қызуын қалың көпшіліктің арасынан-ақ 3 метр қашықтықтан анықтайтын арнайы қондырғы орнатылып отыр.  Егер елімізге сапарлап келген қандай да бір азаматтың дене қызуы 37 градусты көрсетсе, ол адам бірден оқшауланып, жоспарлы медициналық тексерістен өтеді.

Жыл басынан бері Мемлекеттік шекараның өткізу бекеттерінде 2 миллионнан астам адам тексерілсе, олардың ешқайсысынан инфекциялық аурулар анықталмапты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 5 =