ЕАЭО туралы шарт экономикалық жағынан тиімді

0 131

ERA_9732

29 мамырда Қазақстан, Ресей және Беларусь елі Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа қол қояды. ЕАЭО кедендік кедергілерді жойып, ел экономикасын көтеруге жол ашады. ЕАЭО аясында Қазақстан үшін ауқымды мемлекеттік сатып алу нарығы ашылады. Еліміз  бәсекеге төтеп беріп, көш ілгері жылжиды. Сауда-саттық, мұнай, газ тасымалы, көлік қатынасында бөгеу болмайды деді Астана қаласының кәсіпкерлер конференциясында сөйлеген сөзінде елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

«Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметінше, жаһандық бәсекелестіктің индексі қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігі 50 орында. Ресей 64, Беларусь елі 94 орында екен. Меніңше, ХХІ  ғасырда қай елдің болмасын ұлылығы мен қарымын инновациялық, ақпараттылық және кәсіпкерлік қабілетінен пайымдауға болады. Сондықтан ЕАЭО бәсекеге қабілеттілікті арттырып, экономикалық кеңістікке жол ашады деп сенемін», – деп түйіндеді сөзін қала басшысы.  Бір ескеретіні, ЕАЭО мүше елдер бір-бірінің ішкі ісіне араласпай, егемендік пен мемлекеттік шекараларға қол сұқпайды. Сонысымен-ақ Еуразиялық одақ тұрақты әрі қуатты, тиімді тұстарымен көпшілік қолдауына ие болды. Бұл саяси-экономикалық байланысы берік, өзара ынтымақтастық қарым-қатынасты сақтап келе жатқан мемлекеттердің дамуының жаңа белесі іспетті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 4 =