E-ислам порталы ашылады

0 93

Елімізде e-ислам порталы ашылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. «Агенттіктің келесі жыл­ғы ірі жобаларының бірі – е-ислам порталын ашу. Бюджеттен 27 миллион теңге қа­рас­тырылды. Қазір жоба аяқтала келді. Жыл соңы­на дейін сайтты іске қо­сып, келесі жылы то­лық­қанды пайдала­ну­ға тиіспіз», – деді ҚР Дін істері агенттігі төраға­сының орынбаса­ры Марат Әзілханов Мәжі­лістегі үшжылдық бюд­жет жоспарын талқылау барысында. Марат Әзілхановтың айтуынша, сайт ақпараттық-таным­дық бағытта бола­ды және дәстүрлі ислам құн­дылықтарын наси­хаттайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five + fourteen =