Е.АШЫҚБАЕВ: АӨСШК АЗИЯ ЕЛДЕРІН БІРІКТІРЕДІ

0 307

СВМДА

– 20-21 мамырда Қытайдың Шанхай қаласында өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің төртінші саммитінің өзіндік ерекшеліктері бар,  – деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.

Атап айтқанда, ең алдымен саммитке 47 мемлекет пен халықаралық ұйымның өкілдері, соның ішінде алғаш рет Азия кеңесінің жұмысына БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун қатысты. Жаңа екі мемлекет – Қатар мен Бангладеш толыққанды мүше ретінде қосылып, форумның қатысушы мемлекеттерінің санын 26 мемлекетке дейін жеткізді. 6 мемлекет пен 4 халықаралық ұйым байқаушы ретінде жұмыс істеп отыр.

Оның айтуынша, төрағалықтың Азияның батысындағы мемлекеттен шығысындағы алпауыт елге өтуі бұл форумның паназиялық сипатқа ие болғанының дәлелі болып отыр.
Тағы бір маңыздылығы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың форумды Азиядағы қауіпсіздік пен даму ұйымы ретінде қайта құру немесе өркендету ұсынысы болып отыр. Бұл, әрине, Азия кеңесінің дамуындағы ерекше кезең болмақ. Осы кезеңде Қытай Халық Республикасының төрағалығына үлкен үміт жүктелетін болады.

«Ұйымның Азиядағы үлесіне келетін болсақ, аумақ жағынан құрылықтың 90 пайызға жуығы халық жағынан дүниежүзінің жартысы болатын мемлекеттерді біріктіріп отыр. Айта кетерлік жайт, форумның төрағалығы Түркиядан Қытайға өтті. Бұл да маңызды үрдіс», – деп түйді сөзін сыртқы істер министрінің орынбасары.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − nine =