ДҮРБЕЛЕҢНЕН КЕЙІНГІ ДЕПОЗИТТІҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

0 120

43534534534 (5)

Ұлттық банк елдегі банктердің депозит базасының жағдайы туралы мәліметтерді жария­лады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, биылғы ақпан айында sms-шабуылға ұшыраған үш банктен тұтынушылар кері алған салым көлемі 169 млрд теңгені құраған. Оның ішінде ««БанкЦентрКредит» – 14,7%, «Kaspibank» – 16,8%, «Альянс банк» 30,9% депозит қоржынын қайтарған. Осы ретте банк өкілдеріне хабарласып, аталмыш мәселеге қатысты пікірін білген едік.

Владислав ЛИ,

«БанкЦентрКредит»  АҚ басқарма төрағасы:

– Наурыз айының қорытындысына көз жіберсек, біздің банкке түскен салымдар бойынша көрсеткіш  жағдайдың тұрақты екенін білдіреді. Жеке тұлғалар депозиттен алған қаражаттың шамамен үштен бір бөлігін қайтарды. Заңды тұлғалар депозитіндегі  қаржы көлемі айтарлықтай өсті.

Қазіргі таңда нақты болжам айтуға дайын емеспіз. Себебі, мұндай жағдайда депозиттік базаның ұлғаюы клиенттердің сабыр сақтап, ақпан айындағыдай анықталмаған, тіпті белгісіз көздерден тараған қауесетке емес, банкке, біздің ресми ақпаратымыз бен қаржылық көрсеткіштерімізге қайта сенім арта бастауына қарай жүзеге асады.  Әрбір клиентке уақыт пен шынайы ақпарат қажет.

Біздің стратегиялық инвесторымыз «Кукмин Банк» қажет болған жағдайда, кез келген уақытта көмек көрсетуге әзір. Әйтсе де, жағдайды өз күшімізбен реттеп, қиындықтан  шықтық.

 

Михаил ЛОМТАДЗЕ,

«Кaspibank» АҚ басқарма төрағасы:  

Қазақстанның банк секторы биылғы ақпан айында бұған дейін болмаған ақпараттық шабуыл салдарынан төзімділік тестін тапсырды.

Біз күн сайын депозит өсімін байқап отырмыз. Жаңа клиенттермен қатар дүрбелеңге ілескен клиенттеріміз де қайта келіп жатыр. Наурыз айында салымдардың кетуі 22%-ға, 16.8%-дан 12.9%-ға төмендеді. Ал, сәуір айының бірінші аптасында кері қайтуы 35%-ды  құрады.

Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, мұндай жағдайда депозиттің төмендеуі 20-30%-ды құрайды. Біздің жағдайда бұл көрсеткіш  екі есеге төмен. Бізді, әсіресе, наурыз, сәуір айларындағы депозит көрсеткіші қуантты.

Жаңа клиенттермен қатар дүрбелеңге ілескен клиенттеріміз де қайта келіп жатыр. Сәуір айының бірінші аптасында қайта салынған депозит көлемі 35% құрады. Осы қарқыннан таймаса  алынған  салымдардың негізгі бөлігі алдағы 3-4 айда қайта оралмақ.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − 16 =